Қамқоршылық кеңес алдындағы мектеп директорының баяндамасы » ОШ №25
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№25 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңес алдындағы мектеп директорының баяндамасы
03
август
2020

Қамқоршылық кеңес алдындағы мектеп директорының баяндамасы

БАЯНДАМА

№25 негізгі мектебінің директоры М.Ж. Байбековтың

                                Баяндамасы

Мектеп директоры  М.Ж. Байбеков сөз алды:

Мектебімізде 2019 -2020 оқу жылында 215 оқушы қамтылып даярлық тобында 29 оқушы қамтылды . Мұғалімдер  27 мұғалім 1 психолог.                                              1 әлеуметтік педагог, 1 медбике жұмыс атқарады. 

Мектептің  стратегиялық даму мақсаттарын  ойдағыдай жүзеге асыру  шарттары белгіленеді.

1.Әр мұғалімге жемісті оқытуға ,әр оқушыға табысты   оқуға қолайлы  жағдай қарастырылады.

 Мектебімізде   оқу жылының соңында  209 оқушы қамтылды  соның ішінде үздік оқушы саны 20 .Мектеп көлемінде  өткізілген іс-шараларға қатысқан оқушыларға әртүрлі мадақтамалар және мектеп құралдары сыйға берілді.                                                                Мектепте «Қамқоршы» акциясы өткізіліп   отбасы төмен  және аз қамтылған оқушыларға аяқ киім және сырт киімдер , мектеп құралдары табысталды. Мектеп көлемінде қамқоршы акциясы жыл бойы үш мәрте өткізіліп «Мектепке жол»  акциясында   ауыл тұрғындары мектеп мұғалімдері біргелікте әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек берілді. .                         Мектеп көлемінде өткізілген   «Веселые старт», « Я и моя семья», мерекелерге қатысқан оқушыларға сыйлықтар берілді.

Қамқоршы кеңесінің ережелеріне сай жұмыстар жүргізіліп Қазақстан    Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №355 Бұйрығының  Ережелері бойынша орындалып 9  адам қамқоршы кеңесінің төрайымы , хатшысы сайланды.

Жыл бойы  қамқоршы кеңестің жұмыстары жүргізіліп , Қамқоршы кеңеспен біргелікте жұмыстары жүргізілді. мектебіміздегі әлеуметтік төмен отбасылар жйл басында зерделеніп ,мектеп әлеуметтік педагогы , сынып жетекшілер үйлеріне барып отбасылық жағдайларымен танысып зерттеу актсын толтырған болатын және көп балалы отбасы , жетім ,жартылай жетім отбасыларға акт жасалып ,осы қамқоршы кеңес   мүшелірімен біргелікте ол отбасыларға жағдайлар жасалынды,  Қамқоршы кеңестің отырыстарында қарылып хаттамалар толтырылды. Мектеп көлемінде өткізілген іс-шараларға да қамқоршы кеңестен көмек біріліп отырылды.   Мектебіміздегі  өткізілген іс-шаралар спорттық  жарыстарға мектеп денешынықтыру пәні мұғалімі Садыкоа Н.Н әлеуметтік жағдай төмен және көп балалы отбасыларды жарыстарға тартып отырды. Мектеп көлемінде үйірме қосымша сабақтарға көптеген оқушыларды тарту жыл басында міндеттелді қазіргі таңда 19 үйірме болды соның ішінде тоғыз құмалақ үйірмесінде балалар қызығушылықтарын білдіріп отырды , Оқушыларымыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектеп медбикесі және денешынықтыру мұғалімдері біргелікте күзгі және қысқы,  демалыс кездерінде әртүрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылып отырды. Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға баланысты мұғалімдеріміз бар күшін салып уақытылы сабақтарын қалдырмай өтіп әрбір баланың көңіл күйін көтеріп оларға түсінікті болу   үшін өздерінің қолдарынан келген күш қайратын салды, ата-аналар арасында да әртүрлі онлайн ,васап жүйесінде бала тәрбиесі туралы, ата-аналарға сабыр мен балаға қарау жолдары түсіндіріліп психологиялық кеңестері беріліп отырды. Ата-аналарымыз өздерінің ұстазға деген құрмет сыйларын білдірді. Биылғы оқу жылынды 9- сыныпты 15 оқушы бітіріп шықты оқушыларымыз өз қалауы бойынша 3 оқушымыз колледжке баруды ұйғарып отыр, 12 оқушымыз өздерінің оқуларын жалғастыруды мақұл көріп отыр. Қазіргі таңда мектебімізде жыл басында жасалған жоспарға сай жұмыстар өз деңгейінде жүргізілді. қазіргі таңда мектебімізде оқушыларымыз аудандық ,облыстық және онлайн жарыстарына қатысып жүлделі орындарға ие болды. Облысы көлемінде өткізілген Абайдың 175 жылдығына орай жарыстарға қатысып  3 орын иеленді. Ән байқауына қатысып 2 орын иеленді. Онлайн сабақтарға ,сайыстарға қатысып жетістіктерге жеткен оқушыларымыз баршылық деп айта аламын. Қамқоршы кеңес мүшелірінің төрайымы Ниязова Н.М. өзіне берілген жұмыстарды  мектеп әкімшілігімен біргелікте жүргізіп отырды . осы оқу жылы басында мектебіміздің мұғалімдері де аудандық байқауларға қатысып өздерінің біліктіліктерін көрсетіп отырды. Онлайн байқауларына қатысып өздерінің пәндер арасында жүлделі орындарға иеленген мұғалімдеріміз жеткілікті.                                              Мектебімізде жыл бойы ата-аналармен тығыз байланыста болып ,                    «Менің отбасым» , « Бала әке, ана» сайыстары өткізілік жүлделі орындарға иеленген отбасылар марапатталды. Ата-ана ,мектеп , оқушы үштігінің ынтымақтастығын жандадыру мақсатында сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.қашықтықтан оқыту барысында васап арқылы ата-аналар группаларында ән, би, сурет, қолөнер байқауларын өткізіліп  жүргізілді. Оқушыларымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сынып жетекшілер оқушылар арасында слайд ,видео роликтер жасап жаднамалар таратылды. Ата-аналарға өз балаңа сақ бол тақырыбында  Су, Өрт, жол қауіпсіздіктері туралы түсінік жұмыстарын жыл бойы жоспарға сай жүргізіліп отырылды.

Қорытындылай келе Қазіргі заман талабы әр оқушы ,әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қоймай ,соны өзі көбіне игеріп ,ізденіп талдау жасап ,үнемі даму үстінде болып,Проблеманы қоя білетін, одан шыға алатын жағдайға біз мұғалім ата-ана біргелікте жұмыстарды атқарып келесі оқу жылында да тығыз байланста болып жұмыстар жүргізіп отырсақ білімді ,тәрбиелі балаларымыз көп болады деген сенімдеміз.